Accessibility links

Ақ үй Израильдің әрекетіне сабырлы қарайды


АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі Газа аймағын қоршауда ұстау стратегиясын өзгерту қажеттігіне Израильдің көзін жеткізуге тырысады. Бейсенбі күні The New York Times осылай деп жазды.

Сонымен бірге вице-президент Джо Байден америкалық телеарнаға берген сұхбатында қару-жарақ алып өтуіне жол бермеу үшін Израильдің Газаға қарай жүзіп келе жатқан кемелерді тоқтатып, тінтуге құқы бар деп мәлімдеді.

Бақылаушылар жуырда ғана Газа келе жатқан «бейбітшілік флотилиясының» кемелері маңайында болған төтенше жайтқа Вашингтоннның сабырлы қарайтынын атап көрсетеді. Вашингтон Израильдің «қолайсыз дипломатиялық жағдайға тап болғанын ескерсе керек дейді бақылаушылар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG