Accessibility links

Кабулда ақсақалдар кеңесі – «джирга» жалғасты


Кабулда «бейбітшілік джиргасы» деп аталатын ақсақалдар кеңесі екінші күн жалғасты. Ауғанстанның барлық уәлаят-өлкесінен келген 1600-дей өкіл «Талибан» қозғалысымен бейбіт келіссөз жүргізу мүмкіндігін талқылау үстінде. Бірақ Кабул ассамблеясына тәліптер тарапынан ешкім келіп қатыспады.

Ақсақалдар кеңесінің бірінші күні әйелше киінген 3 содыр қауіпсіздік күштерінің тексеруінен өтіп ассамблея жүріп жатқан ғимараттың маңайында гранататқыштар мен тезатарлардан оқ жаудырды. Хабарға қарағанда, оққа ұшқан немесе жараланған ешкім болмады.

"Бейбітшілік джиргасы" жұма күні өз жұмысын аяқтауы тиіс.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG