Accessibility links

Иранда 81 адамға рақымшылық жасалды


Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи жаппай наразылық ереуіліне қатысқаны үшін сот үкімімен жауапқа тартылған оппозицияның 81 өкіліне рақымшылық жасады.

Хаменеидің сайтына шығарылған мәлімдемеде айтылғандай, рақымшылық Мұхаммед пайғамбардың туған күніне байланысты жарияланды. Рақымшылық жасалғандардың аты-жөндері көрсетілмепті.

2009 жылдың маусымында президент Махмуд Ахмадинеджадтың қайта сайлауына қарсы көтерілген жаппай наразылық ереуілі кезінде мыңдаған адам ұсталды. Көп ұзамай көпшілігі босатылды.

Алайда, адамның құқын қорғаушылардың мәліметі бойынша, түрмелерде әлі жүздеген кісі қалды.
XS
SM
MD
LG