Accessibility links

Украина НАТО-ға кіру мақсатынан бас тартады


Украина парламенті – Жоғарғы рада елдің сыртқы және ішкі саясатының негіздері туралы президент заңының жобасын бірінші оқылымында қабылдады. Құжатты 430 депутаттың 253-і қолдап дауыс берді.

Заң жобасына сәйкес, украин мемлекеті әскери блоктан тыс мәртебесін сақтайды, яғни Украина келешекте НАТО-ға қабылдану мақсатынан бас тартады деген сөз.

Оппозиция заң жобасын өткір сынға алып, депутаттарды жобаға дауыс бермеуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG