Accessibility links

Брюссельде судья мен сот өкілі оққа ұшты


Бейсенбі күні Бельгия астанасы – Брюссельде қалалық сотқа жасалған қарулы шабуылдан 2 кісі қаза тапты.

Келіп жеткен хабарға қарағанда, Брюссельдің Әділ сот сарайындағы сот мәжілісі кезінде белгісіз біреу оқ атты.

Бельгияның әділет министрі Стефан де Клерк хабарлағандай, судья мен сот қызметкерлерінің бірі оққа ұшты.

Оқ атқан қаскүнем ізін суытып үлгеріпті. Полиция оны іздеуге кірісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG