Accessibility links

Мәскеуде халықарвлық «Марс-500» сынағы басталды


Бейсенбі күні Мәскеуде Марс жұлдызына қарай ғарыш сапарының жердегі сынағы басталды.

Әр елден шыққан 6 ерікті ғарыш кемесіне ұқсаған модельдің ішінде 520 тәулік тіршілік етуге тиіс.

Франция, Италия, Қытай және екі Ресей азатамынан құрылған халықаралық ғарышкерлер командасын ресейлік Алексей Ситев басқарады.

Ғарыш кемесінің моделі Мәскеудегі медициналық-биологиялық проблемалар институтында құрастырылды.

Қызыл жұлдыздың бетіне ұқсаған жеке модуль құрастырылыпты. «Марс-500» сынағына қатысатын 3 ерікті сол модульге қонатын болады.

Сыртқы әлеммен байланыс электрондық пошта арқылы жүзеге асады.

Сынаққа Ресей мен Еуропадан қатысатындар 3 миллион рубльге жуық сыйақы алады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG