Accessibility links

Бейжің Пентагон басшысын қабылдағысы келмеді


Қытайдың әскери басшылығы АҚШ-пен арадағы байланысының дамуына онша мүдделі емес, деп санайды АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс.

Өзінің Бейжіңге жоспарланған сапарын Қытай үкіметінің кейінге қалдырғаны туралы хабарға байланысты Пентагон басшысы осындай сыңай білдірді.

Қытай сыртқы істер министрлігі ешбір себебін түсіндірмей-ақ, сапардың уақыты «қолайсыз» екенін ғана хабарлады. Қытайдың қорғаныс министрлігі болса, түсініктеме беруден жалтарды.

Биыл АҚШ пен Қытай арасы Вашингтонның Тайванға 6 миллиард доллардан аса қаржыға қару-жарақ сатуды жоспарлауынан кейін суып кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG