Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Екі жақтың да ұпайы түгел. Бірі - өзіне PR істесе енді бірі - онсыз да қол қоймайтыны бесенеден белгілі дүниені сөз етіп ұпай жинады. Мүмкін, осы көтерген айқай-шуымыздың арқасында НӘН қол қойған жоқ деп мақтанатын шығармыз. Қайран уақыт, қайран күш жігер түкке тұрмайтын бірдемеге жұмсаған.

Өлмеген құл

(«Қазақстан халқына заңмен бекітілген «Елбасы» бұйырмады» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазір аман-сау баласынан бас тартып жатқан әйелдер қаншама. Бірақ бұл кісілердің ақшаны жеп қойып, баладан бас тартқандары жаман бопты. Заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме...

Жайна

(«ВИЧ дертіне шалдыққан сәби өзінен бас тартқан анасын іздеп жаутаңдайды» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазақ өзінің алдын-ала болжай алатынын дәлелдеді. Бұл ойынның осылай бітетінін білген. Енді келесі алдауды күту керек. Ол қалай аталады екен?

Ақұдай, Қазақ Елі

(«Қазақстан халқына заңмен бекітілген «Елбасы» бұйырмады» деген мақалаға орай жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG