Accessibility links

Парламент президенттің "ұлт көшбасшысы" болмайтындығымен келісті


Жұма күнгі пленарлық отырыста Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "ұлт көшбасшысы" статусын қабылдамағандығына түсіністік білдірді.

"Президенттің азаматтарға, парламентке, "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесіне жасаған мәлімдемесін назарға алу қажет", - делінген палатаның қаулысында. Оған сенат депутаттары бір ауыздан дауыс берді.

Бейсенбі күні мәжіліс те осыған ұқсас қаулы қабылдаған болатын.

Мамыр айында парламент мәжілісінің бірқатар депутаттары Назарбаевқа ұлт көшбасшысы статусын беру туралы ұсыныс айтып, парламент қысқа мерзімде Конституцияға өзгеріс енгізген еді. Алайда президент осыған қатысты заң жобасына қол қоюдан бас тартты.
XS
SM
MD
LG