Accessibility links

Алматыдағы дендропаркке Назарбаевтың есімі беріледі


Алматы қалалық мәслихаты бүгін депутаттардың кезекті сессиясында қалалық ономастикалық комиссияның Әл-Фараби-Дулати көшелерінің қиылысындағы дендропаркке Қазақстанның тұңғыш президентінің есімін беру туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы Азаттық радиосына қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Мақсат Анапин хабарлады. Аппарат жетекшісінің айтуынша, ұсынысқа қатысты түпкілікті шешімді Әділет министрлігі қабылдайды.

Бұған қоса қалалық мәслихат депутаттары Алматыда 170 көшенің атын өзгерту туралы ұсынысты қабылдады. Бұл көшелердің дені Алатау ауданында орналасқан.
XS
SM
MD
LG