Accessibility links

Бүгін Кабулдағы «бейбітшілік джиргасы» аяқталады


Жұма күні Кабулда Ауғанстанның барлық уәлаят - өлкесінен жиналған 1600-дей ақсақалдың «бейбітшілік джиргасы» деп аталатын форумы өз жұмысын аяқтайды. «Талибан» қозғалысымен бейбіт келіссөз жүргізу мүмкіндігін талқылаған ақсақалдар кеңесі форумның соңында қорытынды декларацияға қол қоюы мүмкін.

Кабулдағы бұл форумға тәліп көсемдерінен ешкім қатыспады.

Оның алдында ауған президенті Хамид Қарзай қаруын тастауға әзір тәліп сарбаздарына рақымшылық жасау туралы ұсынысты қолдады. Ел басшысы тәліптердің кейбір көсемдерімен келіссөзге отырып, оларды ауған конституциясын мойындауға шақыруды ұсынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG