Accessibility links

Барак Обама: «Үндістан - өте жауапты әлемдік мемлекет»


АҚШ президенті Барак Обама биылғы қараша айының соңында сапармен Үндістанға баратынын мәлімдеді.

«АҚШ - Үндістан – стратегиялық диалог» саммитінің ашылуына байланысты АҚШ мемлекеттік департаментінде өткен салтанатта Б.Обама үнді елімен қарым-қатынас өзі бастаған әкімшілік үшін өте биік мәртебе болып табылатынын атап көрсетті.

АҚШ президенті Үндістанды «өте жауапты әлемдік мемлекет» деп атап, онымен арадағы қарым-қатынасты – 21 ғасырды айқындайтын ынтымақтастық деп бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG