Accessibility links

Тайван Бейжіңді 1989 жылғы оқиғаны ұмытпауға шақырды


Тайван өкіметінің басшысы Ма Инцзю Қытай билігін Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңындағы қайғылы оқиғаның 21 жылдығын есіне алып, диссидентерді қудалауын доғаруға шақырды.

Өзінің хат түрінде жолдаған үндеуінде Ма Инцзю Қытай билігі 4 маусымдағы оқиғадан тәлім алып, Тяньаньмэнь алаңында жақындарынан айрылғандардың көңілдерін жұбатады деген үмітін білдіреді.

1989 жылы 4 маусымға қараған түні Қытай халық армиясының бөлімдері Бейжіңнің орталық алаңын басып алып, демократиялық реформаларды талап еткен жастардың ереуілін басып-жаншыды.

Ресми билік ешкімнің қаза болмағанын мәлімдейді. Бірақ жұрт кем дегенде 203 адамның мерт болғанын айтады.
XS
SM
MD
LG