Accessibility links

Минск Кеден одағына қайта қосылады


Беларустің экономика министрі Николай Снопков 1 шілдеден бастап Беларустің Ресей мен Қазақстанның арасындағы Кеден одағына қайта қосылады деген ақпарды растады.

Кеден одағына қатысудың шарттары бойынша ресми Минскінің Кремльмен арадағы қарама-қайшылығы көмірсутегі шикізатының бағасынан туған болатын.

Минск көмірсутегі шикізатының экспортына салынатын салықтың Кеден одағы туралы келісімде көрсетілуін талап етсе, Кремль ондай өзгерістерге қарсы болды.
XS
SM
MD
LG