Accessibility links

Кабул: ақсақалдар кеңесі президенттің жоспарын мақұлдады


Жұма күні Кабулда Ауғанстанның барлық уәлаят-өлкесінен 1600-дей ақсақал қатысқан 3 күнге созылған «бейбітшілік джиргасы» өз жұмысын аяқтады. Осынау атаулы форум президент Хамид Қарзайдың Талибан қозғалысының сабырлы өкілдерімен бейбіт келіссөз жүгізу туралы бастамасын мақұлдады.

Билік қаруын тастауға әзір қатардағы тәліп сарбаздарына рақымшылық жасауға, ақшалай қолдау көрсетуге және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге дайын. Сол ретте Талибанның көсемдері де шетелге кетуге құқылы болады.

Алайда тәліп көсемдері Кабул форумына қатысудан бас тартты.

«Бейбітшілік джиргасы» төрағасының орынбасары Қиямуддин Кашаф журналистерге: «біз тыныштықты сақтауды көздейтін іс-қимылға кірісуіміз керек», - деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG