Accessibility links

Солтүстік Кавказдағы шабуылдардан 5 адам қаза болды


Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы бірқатар шабуылдардан кемінде 5 адам қаза тапты. Жұма күні Ингушетияның Малгбек қаласындағы жарылыстан 2 полицей мерт болып, 15 адам жарақат алды. Сонымен қатар осы қалада дүкенде жұмыс істейтін бір әйел оққа ұшты.

Ал Дағыстанда Магарамкент ауданы әкімшілігінің басшысын біреулер атып кетті. Бұған қоса республика астанасы Махачкаланың жанындағы Тарки қаласында мешіттегі шабуылдан кемінде бір адам қаза тапты.

Исламшыл бүлікшілер белсенділік танытатын Солтүстік Кавказда жиі шабуылдар жасалады.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG