Accessibility links

Обама: Төгіліп жатқан мұнайды тоқтату әрекетінде алғабасушылық бар


АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, британиялық "Бритиш Петролеум" компаниясы Мексика шығанағында төгіліп жатқан мұнайды тоқтату әрекетінде алғабасушылық жасай бастаған көрінеді. Бірақ Обама аталмыш компанияның соңғы әрекетіне байланысты оптимистикалық көзқараста болу әлі тым ерте деп атап көрсетті.

Аймақтағы мұнай осыдан 45 күн бұрын бұрғылау мұнарасының жарылуы салдарынан төгіле бастаған болатын. Содан бері Обама Луизиана штатына осымен үшінші рет барып отыр.

Бейсенбі күні ағып жатқан мұнайды тоқтату үшін арнайы жабдық орнатқан "Бритиш Петролеум" компаниясы өз талпыныстарының сәтті болатынына сенім білдіріп отыр.
XS
SM
MD
LG