Accessibility links

Ирақ: Иран күштері екі рет елімізге басып кірді


Ирақ Күрдістаны қауіпсіздік өкілдерінің ресми хабарлауынша, соңғы үш күн ішінде Иран күштері Ираққа екі рет басып кірген. Шекараның жанындағы Қандил тауларында күрд көтерілісшілерімен арада қақтығыстар тіркеліп отыр. Генерал-майор Жаббар Яуардың мәлімдеуінше, бейсенбі күні 30-ға жуық қаруланған ирандық сарбаз Ирақ жеріне өткен. Оның алдында да Иран күштері Ираққа кірген болатын.

Иран әскерилері сепаратистік "Күрдістанның азаттық өмірі" партиясының жауынгерлерімен қақтығысып жатыр. Бұл қозғалыс Күрдістан жұмысшылар партиясымен одақтас боп табылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG