Accessibility links

Бангладеш Facebook-ке енгізілген тыйымды алып тастады


Бангладеш билігі интернеттегі Facebook парақшасына енгізілген тыйымды алып тастады. Осыдан бір аптадан астам уақыт бұрын Бангладеш үкіметі Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттерге байланысты аталмыш веб-сайтқа шектеу енгізген болатын.

Бангладеш билігі Facebook парақшасының ресми өкілдерімен мұсылмандарға ауыр тиетін даулы карикатураларды алып тастау жөнінде келіссөз өткізді.

Даулы веб-сайттардың қолдаушылары болса, сөз бостандығын алға тартып, Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттерді салғандарға исламшыл экстремистерден төнген қауіпке қарсылық танытуды қалайтындарын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG