Accessibility links

Ресей Ауғанстандағы апиын өндірісін жоюға шақырды


Ресей Ауғанстандағы апиын өндірісін жою үшін мықтырақ стратегия жасауға шақырып, АҚШ басқаруындағы коалицияны әлеуметтік даму проблемаларына жеткілікті назар аудармағаны үшін сынады.

Жексенбі күні Сингапурдағы Азия қауіпсіздігі саммитінде сөйлеген сөзінде Ресей премьер-министрінің орынбасары Сергей Иванов халықаралық қауымдастық Ауғанстанның әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін көбірек инвестиция құюы тиіс деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, Иванов Талибан бүлікшілері негізінен апиын өндірісінен пайда көруде деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ауған есірткісінің тасымалдануы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп ретінде сипатталуы керек. Сонымен қатар ауған жеріндегі НАТО күштері осы проблемамен күресуі тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG