Accessibility links

Түркия Қырғызстанға грант беруге дайын


Анкара Қырғызстанға елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін 21 миллион доллар көлемінде грант беруге дайын. Бұл туралы бүгін Қырғызстан уақытша үкіметінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қаржылай көмек Уақытша үкімет басшысының орынбасары Алмазбек Атамбаевтың Анкараға сапары барысында ұсынылған еді. Қырғызстандағы жағдайды бағалау мақсатында жақын арада Түркиядан Қырғызстанға сарапшы мамандар барады.
XS
SM
MD
LG