Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Арон Атабектің әйелі ЕҚЫҰ-на хат жазғанша, түрме бастығына хат жазып, оның ертеңгі күні «иелері» биліктен кеткен соң бұл мәселеге қалай жауап беретінін сұрау керек! Өйткені, оның басына да Қ.Бакиевтің жақтастарының күні тууы мүмкін ғой!

Алмас

(«Диссидент Арон Атабектің әйелі түрмедегі ақынның ахуалы ауырлап кетті деп алаңдайды» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Жергілікті теледидарда болған оқиға: Бір үй өртенеді, көрші жігіт өтіп бара жатып өртті көріп үйге кірсе, бала ұйқтап жатқан. Не керек, құтқарады. Теледидардан адамдар келіп жаңалықтарға түсіріп жатқан. Әкімшіліктен келген дөкей ағамыз келіп, өрттен аман қалған баланың ата-анасына теледидарға түсіріп жатқанда «Нұрсұлтан ағамыздың саясатынын арқасында. Рахмет» деп айт деді.
Сюжетті көріп ренжідім. Құтқарған баланың мақтауынан НӘН-ді мақтау басым тұр. Ей, Жазған ПЕНДЕЛЕР-ай! Орынсыз жерде айтылған орынды сөзден, орынын тауып түзге шыққан артық деп рас айтқан екен бабаларымыз.

Едіге, Алматы

(«Президент парламентті «жығып» берді» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Шетелдік сауалнама жүргізушілер халықтың 91 пайызы Назарбаевты қолдайды дейді деген сөзде қате кеткен... Негізі мұнда «Қазақстаннан арзан мұнай іздеп жүрген шетелдік сауалнама жүргізушілер халықтың 91 пайызы Назарбаевты қолдайды дейді» деп жазылуы керек еді...

Арыс, Шымкент

(«Шетелдік сауалнама жүргізушілер халықтың 91 пайызы Назарбаевты қолдайды дейді» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG