Accessibility links

Азия елдерінің басшылары Түркиядағы саммитке жиналып жатыр


Азия елдерінің басшылары аймақтағы қауіпсіздік пен сенімді арттыруға бағытталған АӨІСШК саммитіне қатысу үшін Стамбулға жиналып жатыр. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі 1990 жылдардың аяғында құрылған болатын. Оған 20 мемлекет мүше боп табылады.

Басқосуға кемінде 8 мемлекет басшысы қатысады. Олардың ішінде Иран президенті Махмұд Ахмадинежад да бар. Осы жиында АӨІСШК-нің кезеңдік төрағалығы Қазақстаннан Түркияға өтпек. Түркия аталған басқосуда Газаға арналған гуманитарлық флотилиясындағы рейд барысында 9 белсендінің қаза болуына байланысты Израильді айыптамақшы.

Айта кету керек, Израиль де аталған кеңестің мүшесі болып табылады. Бірақ бұл жолғы саммитке Израиль қатыспайды.
XS
SM
MD
LG