Accessibility links

Қытай басшысы Астанада мұнай құбырына қатысты келісім жасамақ


Қытай президенті Ху Цзиньтао осы аптада Қазақстанға сапары барысында Орталық Азиядан Қытайға мұнай таситын құбыр желісінің мүмкіндігін арттыру туралы келісімге қол қояды деп хабарланып отыр.

"ПетроЧайна" компаниясының мәліметінше, 11-12 маусымда Астанаға сапарлайтын Ху Цзиньтао Қазақстан - Қытай мұнай құбырын кеңейту мәселесіне қатысты келісім жасайды.

Қазақстанға келердің алдында Қытай басшысы Өзбекстанға барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG