Accessibility links

Қырғыз үкіметінің өкілі жаңа партия құру үшін қызметінен кетті


Қырғызстан уақытша үкіметі аппаратының жетекшісі Еділ Байсалов өзінің жеке саяси партиясын құру үшін қызметінен кетті. Уақытша үкіметтің жетекшісі Роза Отунбаеваның жақын одақтасы Байсалов журналистердің алдында сөйлеген сөзінде қырғыз халқы соңғы 20 жыл бойы елдің саясатында басым болған саясаткерлердің орнын басатын жаңа тұлғаларды талап етіп отыр деп мәлімдеді.

Байсаловтың айтуынша, оның жаңа партиясы Қырғызстанды "демократия бағытына" бұруға көмектесетін болады.

Қырғызстанда қазан айында парламент сайлауы мен жаңа конституцияға қатысты референдум өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG