Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Жазушы Смағұл Елубайұлы «Ел боламын десең, экраныңды түзе» дейді. Егер бұдан былай қазақ тарихы жалғасар болса, осы сөз бір дәуірдің ең ұлағатты сөзі болып қалатынында дау жоқ. Мен білсем, жазушы ағамыздың да тіл дегенде тілі қышып, осындай керемет мақал шығарған...

Қас Жолымбет, Астана

(«Тіл» десе, тілім қышиды» деген блогқа жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қайыр тілеп отырғандар да сорлы қазақтар. Әййййй, соры қайнаған халқым ау. Сендердің осындай күйге түсетіндей қандай ауыр күнәларың бар еді.

Үш әріп, Астана

(«Орталық мешіт алдындағы тіленшілер» деген бейнекөрініске орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Әй, қазеке-ай, Алматыда отырып Қытайдағы қазекеңді бөле бастадық. Якутияны мекендейтін бір тырна екі балапан шығарса, соның бірін екіншісі өлтіріп тынады екен

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді» деген мақалаға жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG