Accessibility links

Ирақ парламенті алғашқы отырысын өткізбек


Ирақтың жаңа парламенті маусымның 14-де алғашқы отырысын өткізеді. Президент Жалал Талабани парламент отырысын алдағы дүйсенбіде өткізуге шақырды.

Осыдан екі апта бұрын елдің жоғарғы соты наурыздың 7-сіндегі парламент сайлауының қорытындысын бекіткен болатын. Сайлауда бұрынғы премьер-министр Аяд Әлауидің коалициясы аз ғана айырмашылықпен жеңіске жетіп, екінші орынды премьер-министр Нури әл-Маликидің блогы иеленсе, үшінші орынға Ирақтың ұлттық альянсы қол жеткізген еді. Шииттердің одағы коалиция құрамыз деп мәлімдеді, бірақ әзірше нақты келісім жасалмады.
XS
SM
MD
LG