Accessibility links

Мен сені жек көремін, Уақыт!


Тозығы жеткен ескі үйдің ар жағында тұрған «Триумф Астаны» тұрғын үй кешені
Тозығы жеткен ескі үйдің ар жағында тұрған «Триумф Астаны» тұрғын үй кешені

Есіктің алды. Кішкентай күнқағардың астындағы үюлі құмқайрақтың бір шетінен менің ұлым құмнан үй соғып жатыр. Арагідік өзі ісіне ырза кейіпте «Әке, әйәш» деп құм үйін көрсетіп қояды. Қызды-қыздымен құм үйінің бір шетінен машинасына гараж салып тастады.

Үй соғып біткен соң «Әке, біздің үй әйәш» деп айналасын маңайдан жиған қоқыр-соқырмен қоршады. Біздің баспаналы болғанымызға шаттанған ұлымды ертіп, үйге қайттым.

Ертесінде маған қарап, жымың-жымың етіп, құмнан соққан үйіне келген ұлым баспанасын үлкен табан ойрандап кеткенін көріп, бұжыр табанның ізін түйгіштеп жата қалып жылады. Не дерімді білмедім. Өйткені, мен де әлеуметтік көгенге көгенделген қазақ қоғамының жетім лағы едім.

Сол күні ұлым ойнамады. Екеуміз бір-бірімізге жаутаңдай қарап, жалға алған пәтерімізге жылжыдық. Екеуімізде – бір арман. Жо-жо-жоқ, уақытша тұрмыстық мақсат қана. Сонда да...

Бұжыр табан, қалың бет, қыртыс мойын, кең қарын, сайқал күлкі, көпірген сөз... Мен сені жек көремін, Уақыт!

abdihalyh.imanjusyp.omirjan@gmail.com
XS
SM
MD
LG