Accessibility links

Назарбаев Түркия мен Израильді ымыраға келуге шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия мен Израильді Газаға гуманитарлық көмек жеткізбекші болған флотилиядағы оқиғаға байланысты ымыраға келуге шақырды. Бұл туралы Назарбаев бүгін Стамбулда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде мәлімдеді. Назарбаевтың пікірінше, халықаралық деңгейдегі оқиғаға байланысты тергеу жүргізілмесе, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі диалогты бастау қиын

Өткен аптада БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Израильді халықаралық тергеу жүргізуге шақырған болатын. Бірақ Израиль бұл ұсынысты қабылдамады.

31 мамырда Израиль күштері "Азаттық флотилиясында" рейд жасап, оның соңы қықтығысқа ұласқан болатын. Соның салдарынан негізінен Түркия азаматы болып келетін 9 адам қаза тапты. Осыдан кейін Түркия мен Израиль қарым-қатынасы шиеленісе түсті.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG