Accessibility links

Бүгін Иранға қарсы санкцияға дауыс беріледі


Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дауыс беріледі. Қауіпсіздік кеңесі мүшелері соған орай санкция енгізілетін компаниялар мен физикалық тұлғалар тізімін белгілеп қойған болатын.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, сәрсенбі күні талқылау барысында Иранға қатысты өте қатал санкция қабылданбақ.

АҚШ пен бірқатар батыс мемлекеттері Иранды бейбіт мақсаттағы атом бағдарламасын жамылып ядролық қару дайындап жатыр деп айыптауда. Теһран бұл айыптауды жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG