Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

«Жетім бұрыш» емес, «Жетімдер бұрышы». Кезінде Мұқағали атап кеткен дейді. Байқадыңыз ба айырмашылығын: бұрыш емес жетім, жетім – қазақ халқы! Шынымен-ақ, Алматы – қазақтың астанасы, ұйғырдың асханасы, орыстың баспанасы! Кең тараған бұл сипаттаманы Мұқағали күйініп тұрып, суырып айта салған деп естігенмін. Бүгінге дейін Алматы әлі де сол қалпы. Алматыға тұрғызбай шырылдатып, салған үйлерін қиратқан орысты көрсем – көзім шықсын! Қазақты тарыдай шашып, бастары қосылмасын деген сонау орыс патшасынан келе жатқан саясат. Әлі де сол қалпы – өз халқынан өзі қорқатын үкімет! Қазақ ашынса, бұқпайтынын сезіп отырғандай үкімет құлақтарын бітеп қойып, халықаралық тыныштық пен ынтымаққа шақырудан талмайды

Али, Ақтөбе

(«Боямасыз өмір...» деген бейнекөрініске орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Мұндай бассыздық пен бейберекеттік қай жерде болсын бар, бірақ қаншама қаракөздің өлімі болып жатқанымен осы уақытқа дейін ол үшін біреудің жауап бергенін естімеппін. Олар өз-өзін өлтірді деген жақтауды тауып алды ғой.

Мирас

(«Әскерде қаза болған Ерлан Төребековтің үй-іші жұмбақ өлімнің шындығын білгісі келеді» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Шынын айтсам, мешіттің алдындағы қайыр сұрап отырғандарға таң қаламын. Басқа жерде отырса бір сәрі, алланың үйі осындай жетім-жесірді жарылқап жіберсе нелері кетеді екен. Әлде мешіттегі имам-тақсыр-молдаларға да байлар керек пе екен?

Миялы, Атырау

(«Боямасыз өмір...» деген бейнекөрініске орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG