Accessibility links

АҚШ, Франция, Ресей Иранға жауап қайтарды


АҚШ, Франция және Ресей Иранның ядролық отынды айырбастау келісіміне байланысты ресми түрде жауап қайтарды. Дипломаттардың айтуынша, жауап Венадағы Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің басшысы Юкия Амано арқылы Иранға тапсырылған.

Ядролық отынды айырбастау жөніндегі келісім өткен айда Түркия мен Бразилия жетекшілерінің арағайындығымен жасалған болатын. Жоспарға сәйкес, Иран өзіндегі аз байытылған уранды Түркияға жіберіп, оның орнына зерттеу реакторына қажет ядролық отын алуы тиіс болатын. Батыс елдері бұл келісім Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алаңдаушылықтарды жоймайды деп атап көрсетті.

Сейсенбі күні Иран президенті ядролық отынды айырбастау келісімі қайталанбайтын мүмкіндік болған, егер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қосымша санкция енгізуді мақұлдаса, Теһран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз өткізбейді деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG