Accessibility links

Тәжік журналистері өзбек елшілігі алдында наразылық танытты


Бүгін Душанбедегі өзбек елшілігі алдында 20-дан астам журналист наразылық шарасын өткізіп, Өзбекстанның Тәжікстандағы экономикалық блокадасын тоқтатуды талап етті деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі. Наразылық танытушылар "Жүк көліктерін босатыңдар" деп, Өзбекстан елшісі Шохқосим Шохисломовпен кездесуді талап еткен.

Тәжікстанның мемлекеттік темір жол компаниясының болжамы бойынша, Өзбекстанда 2500-ден астам жүк көлігі Тәжікстанға жіберілмей жатыр. Соңғы кездері екі ел қарым-қатынасы шиеленісе түскен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG