Accessibility links

Бішкек бұрынғы президент кеңсесі басшысының өлімін қайта тергемек


Қырғызстанның билік орындары бұрынғы президент кеңсесінің жетекшісі Медет Садырқұловтың өліміне қатысты тергеу ісін қайта бастады. Бұл туралы сәрсенбі күні Бішкекте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Самат Бакеев хабарлады. Азаттық радиосының қырғыз қызметінің мәліметінше, Садырқұлов пен оның екі үзеңгілесінің мәйіттері өткен жылдың наурыз айында Алматы-Бішкек жолында табылған.

Сол кездегі ресми мәліметтерге сәйкес, бұрынғы президент кеңсесінің жетекшісі жол апатында қаза болған. Осыған байланысты Өмірбек Осмонов деген жүргізуші 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда Осмонов осы жылдың сәуір айында Бішкекке жақын жердегі ауылда өлі күйінде табылды. Садырқұловтың туыстары сот шешімімен келіспеген еді.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG