Accessibility links

Ахмадинежад: санкцияны қоқыс жәшігіне лақтырып тастау керек


Иран президенті Махмұд Ахмадинежад сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қатысты қабылдаған санкциясын "қоқыс жәшігіне лақтырып тастау керек",- деп мәлімдеді. Теһран санкцияға қарамастан уранды байыта беретіндігін мәлімдеп отыр.

Сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым көпшілігі Иранға қарсы санкцияға қолдау білдірді. Ондағы мақсат – Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату. Батыс елдерінің пайымдауынша, Иран бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарлама желеуімен ядролық қару жасауда. Алайда Теһран бұл пікірді шындыққа жанаспайды дейді.

АҚШ президенті Барак Обама болса, қатаң шаралар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа әсер етпейтіндігін мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG