Accessibility links

Қырғызстанда «Матрешка гейт» ісі қайта жанданды


Қырғызстанда «Матрешка гейт» ісі қайта жанданды. Бұл – бір кездегі оппозициядағы саясаткер, қазіргі Уақытша үкімет басшысының орынбасары Өмірбек Текебаевтың 2006 жылы Варшавада аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болғандығы жайындағы даулы іс

Қырғызстан ішкі істер министрінің қызметін атқарушы Болот Шердің Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарлауынша бұл іске қатысты тергеу аяқталып, жақын арады сот тыңдаулары басталады.

2006 жылы Варшава әуежайында Текебаевтың жүгінің арасындағы орыстың қуыршағы - матрешканың ішінде 600 грам героин табылған. Польша соты Текебаевтың өзіне есірткіні біреулер әдейі салып жіберуі мүмкін деген сөзіне сеніп, 24 сағаттан кейін босатқан еді.

Болот Шердің айтуынша, осыған қатысты жүргізілген қайта тергеу, бұл іске биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің ағасы Жаныш Бакиевтің қатысы барын анықтаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG