Accessibility links

В.Путин Парижге сапарлайды


Бейсенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин Францияға сапарламақ. Сапар бағдарламасы бойынша Владимир Путин француз президенті Николя Саркозимен және француз әріптесі Франсуа Фийонмен кездесуге тиіс.

Келіссөздердің күн тәртібінде экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде «Оңтүстік ағын» газ құбырын тарту жобасына француз капиталының қатысу мүмкіндігі мәселесі тұр.

Француздардың соғыс тікұшақтарын алып жүзетін «Мистраль» кемесін Ресейге сату мүмкіндігі де сөз болуы мүмкін.

В.Путин Францияда Ресейдің ұлттық көрмесінің ашылу салтанатына да қатысады.
XS
SM
MD
LG