Accessibility links

Ағылшын премьері Ауғанстанға барды


Англия премьер-министр Дэвид Кэмерон бейсенбі күні Ауғанстанға барып, ауған президенті Хамид Карзаймен келіссөз өткізіп, Ауғанстанның Англия сыртқы саясатындағы ең маңызды мәселе екенін мәлімдеді.

Бұл Кэмеронның британ үкіметінің төрағасы ретінде Ауғанстанға алғаш аяқбасуы болып отыр.

Ауғанстанда Англияның 9,5 мың жауынгерден тұратын әскери құрамасы бар. Бұл сан жағынан АҚШ әскерінен кейінгі екінші ірі шетелдік әскери топ болып табылады.

Ауғанстанға басып кіргеннен бері осы елде ағылшындардың 300-дей жауынгері қаза тапты.

Ауғанстанға сапары барысында Д.Кэмерон ауған армиясы мен полициясына және азаматтық әкімшілігіне қосымша 98 миллион доллар қосымша қаржы бөлетінін хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG