Accessibility links

Голландия: билікке исламға қарсы партия келуі мүмкін


Голландияда өткен сәрсенбі күнгі парламент сайлауында оңшыл-центристік Либералдық халықтық партиясы аз ғана басымдықпен жеңіске жетті.

Бюллетендердің 95%-дайы есептелген соң, Либералдық халықтық партиясының 150 орынды парламенттегі 31 мандатқа, яғни лейбористерден бір ғана дауыс артық алғаны анықталды.

Исламға қарсы Бостандық үшін партиясы 24 мандатқа ие болып, мәреге үшінші келді.

Билік басындағы христиан демократтары сайлауда 21 мандатқа ғана ие болып ойсырай жеңілген соң, оның көсемі Ян Петер Болкененде үкімет басынан түсті.

Енді коалициялық үкімет жасақтау мәселесемен келіссөз өтуі мүмкін. Либералдық халық партиясының көсемі исламға қарсы партиямен коалиция құру мүмкіндігін теріске шығармады.
XS
SM
MD
LG