Accessibility links

Н.Назарбаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Ташкентке келді


Шанхай Ынтымақтастық ұйымы басшылары кеңесінің 2 күндік саммитіне қатысу үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке ұшып келді.

Ташкент саммитінде ұйымның жаңа мүшелерін қабылдау туралы ережені мақұлдау көзделіп отыр.

Ресей мен Қытай БҰҰ санкциясына түскен және өзге елдермен соғысқан мемлекеттердің ШЫҰ-ға мүшелікке өтуіне тосқауыл қоятын арнайы қарар қабылдауды талап етті. Оған қоса ұйымға мүше елдер осы құрылымға жататын кеңістіктегі және оған көрші елдердегі жалпы қауіпсіздік ахуалын, атап айтқанда – Ауғанстан проблемасы мен Қырғызстандағы жағдайды талқылайды.

Биыл ШЫҰ-ның кезеңдік төрағалығы Өзбекстаннан Қазақстанға беріледі.

Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан - Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мүшелері болса, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан бақылаушы елдер болып табылады.
XS
SM
MD
LG