Accessibility links

Иран президенті Бейжіңге барады


Иран президенті Махмұд Ахмадинежад бейсенбі күні сапармен Қытайға барады.

Ал сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кңесінде Қытай Иранның ядролық бағдарламасына қарсы санкцияны күшейту туралы қарарды қолдап дауыс берді.

Дегенмен соңғы жылдары ресми Бейжің Иранды өзінің маңызды экономикалық әріптестерінің бірі ретінде санап, санкцияны күшейту туралы ұсынысқа салқын қарап келген болатын.
XS
SM
MD
LG