Accessibility links

ШЫҰ саммиті жаңа мүше қабылдау шарттарын қарайды


Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Ташкентте басталған 2 күндік саммитінде ұйымға жаңа мүшелерді қабылдаудың шарттары талқыланбақшы.

Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходько хабарлағандай, тиесілі құжаттың жобасында ШЫҰ - ның БҰҰ санкциясына ұшырамаған және ешкіммен соғыс жағдайында тұрмаған Еуразия кеңістігінің кез-келген елі үшін ашық екендігі көрсетілген. Ұйымға мүше болғысы келген мемлекеттің ШЫҰ - ның барлық мүшесімен дипломатиялық қарым-қатынасы болуға тиіс және оның аталған ұйымда бақылаушы мәртебесі немесе саяси диалогтағы әріптесі болуы керек.

2 күндік саммитке қатысу үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ташкентке ұшып барды.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG