Accessibility links

Ошта төтенше жағдай енгізілді


Қырғызстан Уақытша үкіметі ел оңтүстігіндегі Ош қаласы мен оның маңайындағы аудандарда жаппай тәртіпсіздіктің қайта бой көтеруіне байланысты төтенше жағдай енгізді.

11 маусымға қараған түні Ош орталығында жастар тобы төбелесіп, тұрғын үйлер мен дүкендердің терезелерін сындырған. Бірнеше дүкен тоналған. Қалада өрт тіркелді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бірқатар аудандарға милиция бөлімшелері мен әскери техника енгізілді.

Ош қаласында сәуір және мамыр айларында елдегі саяси биліктің ауысуына байланысты көпшілік толқулар болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG