Accessibility links

Мексика шығанағында күніне 40 мың баррель мұнай ағып жатыр


Мексика шығанағындағы ВР ұңғымасынан күн сайын шамамен 20 - 40 мың баррель мұнай ағып жатыр, дейді АҚШ үкіметі.

Бұдан бұрын АҚШ үкіметі ВР-ға Мексика шығанағын төгілген мұнайдан тазалаудың жаңа жолдарын табуға 72 сағат мұрсат берген еді.

Одан өзге президент Барак Обама Луизиана жағалауындағы платформаның жарылысында қаза тапқан 11 жұмысшының туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Келесі аптада президент Барак Обама ВР президенті жетекшісі Карл Хенрик Сванбергты қабылдайды деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG