Accessibility links

Футболдан Әлем біріншілігі басталады


Бүгін Оңтүстік Африка Республикасында футболдан 19-ыншы Әлем біріншігі басталады. Біріншілікке 32 елдің ұлттық құрамалары қатысып, кездесулер Оңтүстік Африканың 9 қаласындағы 10 стадионда өтеді.

Кезекті Әлем біріншілігінің салтанатты ашылуы Йоханнесбург қаласындағы Soccer City стадионында болады. Салтанаттың ізінше біріншілік Оңтүстік Африка Республикасы мен Мексика құрамаларының кездесуінен басталады.

Футбол біріншілігі тура 1 ай жалғасады, 11 шілде күні Йоханнесбургте финалдық кездесу өтеді.
XS
SM
MD
LG