Accessibility links

Уссурийск қаласында 4 күдіктінің екеуі қолға түсті


Ресейдің Приморье өлкесінің Уссурийск қаласында милиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен бір топқа қарсы операция аяқталды.

Приморье өлкелік тергеу басқармасының өкілі хабарлағандай, күдіктілердің соңғысы қаруын тастап тұтқынға беріліпті.
Оның алдында 4 күдікті паналаған үйді қоршауға алған кезде екеуі оққа ұшып, үшіншісі қаруын тастап, тұтқынға берілген болатын.

Атыс кезінде 1 милиционер мен жергілікті тұрғын жараланды.

Соңғы аптаның ішінде Приморье өлкесінде милиция қызметкерлеріне қарсы 3 қастандық жасалды. Бір милиционер қаза болып, үшеуі жараланды. Тергеудің мәліметі бойынша, барлық қастандықты бір топ іске асырды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG