Accessibility links

Пәкістанда 13 содырдың көзі жойылды


Пәкістан үкіметінің хабарлауынша, жорамал бойынша, АҚШ-тың адамсыз ұшатын соғыс ұшағының кезекті зымырандық соққысынан кем дегенде 13 адам қаза тапты. Бастапқы дерек бойынша, барлығы да «Әл-Қаида» мен Талибан қозғалысының содырлары көрінеді.

Зымыран содырлардың Солтүстік Вазиристан ауданындағы бекінісін нысанаға алыпты. Өткен бейсенбіде дәл осындай соққыдан 3 кісі мерт болып, тағы екеуі жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG