Accessibility links

М.Ахмадинежад жаңа мәлімдеме жасады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад ресми Теһранға қарсы қабылданған жаңа санкцияны «пайдасы жоқ» деп сипаттап, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін «Америка Құрама Штаттарының қолындағы сайманы» деп бағалады.

ЭКСПО-2010 көрмесіне қатысу үшін Қытайға келген Ахмадинежад осындай жаңа мәлімдеме жасады.

Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оның 40-тан астам ұйымы мен жеке тұлғаларын қамтитын жаңа санкцияны БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі өткен жұма күні мақұлдады.

Халықаралық қауымдастық Ираннан ядролық қару жасап алуға ұмтылады деп күдіктенеді. Теһран ол күдікті теріске шығарумен келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG