Accessibility links

Оштағы ұлтаралық қақтығыста 26 адам қаза тапты


Қырғызстанның Ош облысындағы өткен түнгі қақтығыс құрбандарының саны, тың мәлімет бойынша, 26-ға дейін өсті, 200-ден астам адам жараланды. Көпшілігі оқтан жараланған.

Төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан Ош облысындағы ахуал ауыр күйінде қалды. Ош қаласында электр қуатын беру доғарылып, газ да тоқтатылды.

Уақытша үкімет төрайымы Роза Отунбаева Қырғызстан оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектердің арасында ұлтаралық қақтығыс болғанын айтып: "Түрлі күштердің, оның ішінде Қырғызстандағы жағдайды ушықтыруға мүдделі күштердің отқа май құйып отыруына қатты алаңдаймыз," - деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні Ош қаласы мен облыстың бірнеше елді-мекенінде жастардың тобы төбелес шығарып, ойран салды. Қалаға ішкі әскер тартылды.

Р.Отунбаева елдің оңтүстігіне құқық сақшыларының қосымша күші мен дәрігерлердің жөнелтілгенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG