Accessibility links

НАТО Қазақстан арқылы Ауғанстанға жүк жеткізді


НАТО Ауғанстандағы әскери күштеріне жүк тасымалдаудың Ресей және Орталық Азия елдері арқылы өтетін жаңа бағытын ашты.

Осыған дейін жүктердің басым бөлігі Ауғанстанға Пәкістан арқылы жеткізілетін. Алайда бұл жол Пәкістанның шекара аумағында содырлардың шабуылдарына жиі ұшырайтын болды.

НАТО одағы жүк тасымалдаудың жаңа бағытын ашу үшін ұзақ айлар бойы келіссөз жүргізді.

Әскери одақтың хабарлауынша, 122 мыңдық қолға қажетті жүктің алғаш регі Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арқылы Ауғанстанға 9 маусым күні келіп жетті.

Бұл жүк құрылыс материалдары мен азық-түліктен тұрады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG